07
May
2021
«Жақсылық жасай біл» қайырымдылық акциясы
«Жақсылық жасай біл» қайырымдылық акциясы аясында 6 г сыныбының тәрбие сағатына байланысты, сынып жетекшісі К.Шериязданов пен педагог-ұйымдастырушы А.Қамзина жәнеде ата-аналардың ұйымдастыруымен ҰОС ардагері, Тыл ардагері Нурпейсова Кулиман Қонақбаевна апамызды 9 мамыр ҰОС Жеңіс күнімен құттықтадық. Кулиман апа 1929 ШҚО Марқакөл ауданында, Қарашілік ауылында дүниеге келген. Соғыс басталған шақта 13 жасар Кулиман апамыз жасына қараMay ауыл жұмысына білек сыбана кіріседі. Бүгінде немере-шөбере тәрбиелеп отырған апамыз Батыр Ана СССР, Алтын Алка РК, Ұлы Отан Соғысында 1941-1945 жылда тылдағы ерең еңбегі үшін медалімен, Еңбек ардагері медалімен, Соғыс ардагері медалімен, 50,60,65,70, жылдық Жеңіс күніне арналған медальдарымен марапатталған.
Біз өзімізді осындай бейбіт өмірге жеткізіп, тамаша, ұрпақ өсіруге мүмкіндік әперген аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі алдында басымызды иеміз. Біз Ұлы Отан соғысына қатысты естеліктерді естен шығарMay, ұрпақтан-ұрпаққа соғыстың зардабы мен зорлық-зомбылыққа қарсылықты жеткізіп отыруды парыз санаймыз. Осынау мереке күні Кулиман апамызға және барлық соғыс ардагерлеріне Сіздерге ең бастысы зор денсаулық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық, бейбіт ашық аспан тілейміз. Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!