Ашық сынып сағаты : “Чернобыль қайғылы оқиға, ерлік –ескерту!”
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
School-Lyceum №3 named after Shokan Ualikhanov
“Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі”
of the education department of the East Kazakhstan region
Ашық сынып сағаты : “Чернобыль қайғылы оқиға, ерлік –ескерту!”



Сынып сағаты тақырыбы: Чернобыль қайғылы оқиға, ерлік –ескерту! (Чернобыль апатына 35жыл)
Мақсаты : Schoolchildren Чернобыль апатының кешегісі мен бүгінін сонымен қатар ертеңі яғни болашағы туралы жан-жақты ақпарат беру. Апатты жоюға аттанған батырларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Cабақтың түрі: ақпараттық ашық сынып сағаты.
Қашықтықтан ZOOM арқылы өткізілді.
Сабақтың барысында:
І.Ұйымдастыру кезені жүргізілді
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетіліп, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске аламыз.
ІІ. Тәрбие сағат жоспары:
1.Чернобыль апатының шығу тарихымен танысу
2. «Ерлік кездейсоқ болMayды» апаттың бейне көрінісі.
3. «Қасіретке айналған алапат жарылыс» слайд шоу көріністері
Чернобыль апатының салдары, тигізген зияны мен зардаптары көрсетілген, елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
1-оқушы: 1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шыққаны баяндалды.
Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралғаны айтылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шеккені түсіндірілді.
2-оқушы: Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл 35 жыл толады. Осыдан 9 жыл бұрын Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.
3-оқушы: Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі. Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.
4-оқушы: 1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.
5-оқушы: Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аяMay ат салысты.
Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?
Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке-дергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырMayды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады.
Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эн-докриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім.
Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алMay қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.
Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке душар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бастайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар артып, оның соңы аты жаман ауруға алып барады.
Иммундық жүйе адам ағзасына сәуле өткенде ғана емес, өзге де себептерден зардап шеге береді. Күнделікті өмірде адам өте аз мөлшерде болса да сәулелеленеді екен. Радиоактивті сәуле денеге ғарыштан, табанымыздың астындағы жерден, радио, теледидардан, компьютерден, сондай-ақ өндіріс орындарынан енеді.
ІІІ.Қорытынды
Чернобыль реакторындағы алапат апаттың орын алғанына ширек ғасыр өтті. Алайда оның зардаптары әлі күнге дейін толастаған жоқ.
Чернобыль атом электр станциясындағы 1986 жылғы 26 сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамындағы 32 мың қазақстандық болды.
Чернобыль апаты күллі адамзаттың қасіретіне айналды. Онда қазір радиация деңгейі төмендегенмен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпында қалып отыр.
«Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда», — деп атап Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.