"Тәуелсіздік-теңдесі жоқ шексіз байлығым" тақырыбында сынып сағаты
Сынып: 6а
Сынып жетекші: Зейнелхан Гүлжазира
Сабақ тақырыбы: "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ шексіз байлығым" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың теориялық бөлімі телеграм чатта оқылып, https://youtu.be/DPy1yYa7WrM, практикалық бөлімі Google.meet синхронды түрде жалғасын тапты. Сөз жұмбақ, ребус, Сәйкестендіру тапсырмалары орындалды. Әр топ оқушыларының топтық салынған суреттері талқыланды. Сергіту сәтінде https://quizizz.com/join?gc=774566 интернет ресуснда ойындар ойнатылып, І орын- Байдилдина Дина, ІІ орын – Сайлаухан Алинур, ІІІ орында Сарқытбек Таир қанжығасына байлады. Сабақты қорытындылауда https://castlots.org/brosit-zhrebii-online/ ойыны арқылы таңдалған оқушылар мен рефлексия айтылды.
Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап,
бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді: https://youtu.be/xHwrpKjea1E
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаштың атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!





