Жаратылыстану пәндері бірлестігінде қалалық семинар-практикум өтті
ОІМ: Ғазизова Қ.Қ.
10 сәуір, 2019 жылы « Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ –де «CLIL әдісі бойынша метапәндік байланыстарды жүзеге асыру жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өтті. Семинардың мақсаты: «CLIL әдістемесінің тиімділігі мен қажеттілігін қолдай отырып, жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде қалыптастыру». Семинар-практикумға Өскемен қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Кенжебаева А.Т мен ментор Рыскулов Нұрсұлтан Кожайбайұлы және қала мектептерінен 25 жаратылыстану пәндері мұғалімдері қатысты. Семинарда I санатты, В-2 интермедия деңгейлі химия пәні мұғалімі Нургендирова Айжан Оразкеновна «Қышқылдар –Acids» тақырыбында ашық сабақ және жоғары санатты, В-1 преинтермедия деңгейлі биология пәні мұғалімі Қаблақатова Раушан Мұқышбековна шеберлік сыныбын ағылшын тілінде көрсетті. Ашық сабақта «Ойлан, жұптас ,талқыла», «Формулалар сөйлейді», «Үшінші артық » әдіс –тәсілдері және зертханалық жұмыстар өте сәтті өтті. Ал, шеберлік сыныбын ұйымдастыруда «Таза тақта» , «Адам қаңқасының үлгісін жасау» әдістері тиімді пайдаланылып, «Адам адаммен» атты сергіту сәті мұғалімдердің қызығушылықтарын туғызды. Семинар соңында рефлексия жасалып, қонақтар өз ойларымен бөлісіп, шығу парағын толтырды.
10 апреля 2019г. в КГУ «Школа-лицей №3 имени Ш.Уалиханова» прошел семинар-практикум по теме : «CLIL и метапредметные связи». Целью семинара было «Внедрение обновленного содержания образования и использованием активных методов и приемов обучения, посредством методики CLIL». На семинаре присутствовало более 25 учителей города, методист ГорОО Кенжебаева А.Т и ментор Рыскулов Н.К Урок с использованием подхода CLIL имеет два цели: предметную и языковую. В ходе семинара был дан открытый урок на тему: «Кислоты –Acids» учителем химии I категории , уровень В-2 интермедия Нургендировой А. и мастер-класс учителем биологии высшей категории ,уровень В-1 преинтермедия Каблакатовой Р. Оба учителя проводили урок и мастер-класс на английском языке. На открытом уроке были применены приемы групповой работы «Говорят формулы», «Третий лишний», а так же выполнялись практические задания. При проведении мастер-класса были использованы приемы «Чистая доска», «Состав скелет человека». Для активации познавательного интереса и создания эмоционального настроя прием «Человек человеку».
По завершению семинара была проведена рефлексия и присутствующие заполнили листы оценивания.