



12.04.2024 ж. "Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп- лицейі"КММ мектепішілік " Жыл мұғалімі- 2024"педагогтардың кәсіби сайысы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды меңгерген , рухани- адамгершілік, ғылыми- әдістемелік және ақпараттық мәдениеті бар, зияткерлік даму деңгейі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау. I- кезең- Педагог портфолиосы. II- кезең- Білім беру жобасы. Мақсаты: Педагогтардың инновациялық потенциалы және жобалық мәдениетін көтеру. Мектепішілік мұғалімдердің конкурсына жекелеген пәндерден 10 ұстаз қатысты. Мектепішілік педагогтар конкурсының нәтижесі төмендегідей: Бас жүлде- Жунысова А.Е. I- орын Аймухамбетова А.Ж, Алиппаева Ә.Б. II- орын - Кадылбекова А.К, Ибрагимова Ғ.Ж, Отанова Т.О. III - орын- Бақытханова Ш.С, Ахмадиев М.Т ,Нұрмұхамбетов М. Т, Маратұлы А. Құттықтаймыз!!!