21
January
2020
Қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған?
Францияның Ренн қаласы
Францияның Ренн қаласында 2016 жылы қазақ ақынына бюст орнатылған.

Венгрияның Будапешт қаласы
2014 жылы Абай ескерткіші Венгрияның Будапешт қаласында орнатылған.
Подробнее: https://tengrinews.kz/books/kay-elderde-abaydyin-eskertksh-ornatyilgan-370484/
Мысырдың Каир қаласы
Абайдың бюсті 2016 жылы Каирдің орталық саябақтарының бірінде орнатылған.
Ресей, Мәскеу
2006 жылы Мәскеудің Қазақстан елшілігінің маңында Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылған.
Қытай, Бейжің
2014 жылы Бейжіңде "Цзинтай" көркем музейінде Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылған.
Өзбекстан, Ташкент
2013 жылы көрші елдің астанасы Ташкентте ҚР елшілігінің алдында қазақ данагөйі Абайдың ескерткіші орнатылған.
Подробнее: https://tengrinews.kz/books/kay-elderde-abaydyin-eskertksh-ornatyilgan-370484/
Иран, Тегеран
2007 жылдың 5 қазанында Тегерандағы Иран Ұлттық кітапханасының кіреберісіндегі бас аллеяға қазақ халқының ұлы ойшылы Абайдың мүсіні орнатылған.
Баку, Әзербайжан
2011 жылдың мамырында Баку мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлы атындағы орталық ашылып, сол жерге ұлы ойшылдың бюсті қойылған.