Ұлы ақын – Абай » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Municipal government institution
School-Lyceum №3 named after Shokan Ualikhanov
"of the education department for the city of Ust-Kamenogorsk"
of the education department of the East Kazakhstan region
Reception room :
+7 (7232) 25-36-18
bookkeeping:
+7 (7232) 25-36-18
Version for
visually impaired
26
февраль
2020

Ұлы ақын – Абай

Тақырыбы: Ұлы ақын – Абай

Мақсаты: 1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу. Біліміне деген құштарлығын арттыру.

2. Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерің, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.

Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ – жауап, сахналық көрініс.

 Көрнекілігі: Абай  Құнанбаев портреті, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүние тану, музыка.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Балалар мен сендерге қызық мәлімет берейін деп тұрмын.

Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды. Қазір Республикада ұлы ақынның 17674 аттасы бар. Абай есімді Қазақстанның  дені Түркістан облысында тұрады.

Алматы облысында 2062, ал Нұр Сұлтан қаласында 1610 Абай бар. Абайлар көп, Құнанбайлар аз. Қазір Қазақстанда аты мен тегі А.Құнанбайұлы болып жазылған 3 адам бар. Олар Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысында тұрады. Ал құжатында аты мен әкесінің аты Абай Құнанбайұлы деп көрсетілген қазақтар саны -  28. Ең көп Түркістан облысында  - 10 адам тұрады. Одан кейін:

Алматы облысы – 3 

Шығыс Қазақстан облысы – 3

Шымкент – 3 

Ақтөбе облысы – 2 

Алматы – 2

Павлодар облысы – 2

Ақмола облысы – 1

Қарағанды облысы  – 1

Қызылорда облысы  - 1

Абайдың әкесі Құнанбайдың есімін алған отандастардың саны әлде қайда аз болып шықты. Не бәрі – 170 адам. Өңірлер арасында тағы да Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта 61 адамнын жеке куәлігінде есімі Құнанбай болып жазылған.

  • Балалар неге Абай есімі көп берілген деп ойлайсындар?
  • Ойланып жауап бере қойыңдаршы?

III. Топтастыру. Ой бөлісу.

1 топ. Абай кім?

2 топ.Абай қандай адам болған?

3 топ.Абайдың шығармалары.

IV. Көрініс. «Оқудан қайтқанда»

Автор: Жас Адай оқудан туған ауылына қайтып келді. Бүкіл ауыл Абайды қарсы алуға шықты. Қарсы алушылардың арасында шешесі Ұлжанды көріп, шешесіне ұмтылады.

  • Қалашылар, қалашылар  келді!
  • Анау Абай, Абай ғой, айналайын - ай!

Апасына айтайыншы деді қартау әйел, бәсе, Телғара ғой. Жаным –ау, мынау Телғара. Әпкеме айтайыншы деп тағы бір жас әйел жүгіріп кетті.

Ұлжан: - Әй, шырағым, балам, әне әкең тұр, соған сәлем бер!

Құнанбай:  - Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың - ау! Молда болдың ба?

Бойыңдай боп, білімің өсті ме? Әжене бар сәлем бер!

Абай: - Шүкірлік әке барған соң қазіреттің рұхсатын, фатихасын алып қайттым.

 Әжесі Зере: - Жаман неме! Маған бұрын келмей, әкеңе кеттің ғой. Қарашағыл, қоңыр қозым Абай жаным!

Ұлжан – Елді сағындың ба, кімді сағындың? – Молда болдың ба? Оқып болдың ба? 

Абай:  - Әже қалайсың?

Әже – Не дейді? Не деп жатырсыңдар, естімедім.

Абай – Әже – ау, құлағыңа не болды? Неге естімейсің?

Әже – Балам - ау қуыс кеуде болмасаң, не сымбат қалды?

Абай – Әже , қазір мен сені емдеймін, ұшықтаймын.

Ұшады бозторғай көдені ықтап,

Басасың аяғыңды нықтап- нықтап,

Кәрі әжең естімейді

Берейін өлеңіммен шың ұшықтап!

Суф – ф- ф!

Абай: - Әже қалай құлағың ашылды ма?

Әже: - Е, құлағым жақсы болып қалды. Өркенің өссін, балам, Абайжаным!

V.  Ойын: «Жалғасың тап?» Абай өлеңдерінен жарыс.

VI. Біздің мақтанышымыз (слайд)

VI I. Ән. Көзімнің қарасы.

Сабақты қортындылау.

  • Ғылым – білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсандар – кейін өкінбейсіңдер.
  • Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі – бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив