Біртұтас тәрбие » Коммунальное государственное учреждение "Школа -лицей № 3"
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7232) 25-36-18
Есепші бөлімі:
+7 (7232) 25-36-18
Нашар көрушілер
нұсқасы
“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ
30
июль
2025
“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ
📚 “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!!! Құрметті ата-аналар мен қамқор жандар!  Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебіміз дәстүрлі “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын бастайды.  Мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектепке дайындықта қолдау көрсету. Көмек түрлері: кеңсе тауарлары, мектеп формасы, аяқ киім, сөмке, басқа да оқу құралдары.Акцияның басталуы 2025 жылдың 1 тамызынан бастап, аяқталуы 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін
ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ
05
май
2025
ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ
Жолдағы қауіпсіздік ережелерімен жол полиция қызметкерлері таныстырып өтті. Олар оқушыларға жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өтудің тәртібін, бағдаршамның түстері нені білдіретінін және жол белгілерінің маңызын түсіндірді. Іс-шара барысында балаларға арнайы жадынама кітапшалары мен ескерту белгілері салынған парақшалар таратылды. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі қауіпсіздік ойындары ұйымдастырылып, сұрақ-жауап форматында шағын викторина өткізілді.
Халқына адал қас батыр – Қасым Қайсенов
24
апрель
2025
Халқына адал қас батыр – Қасым Қайсенов
Халқына адал қас батыр – Қасым Қайсенов ⠀ Адалдық пен ерліктің айқын бейнесі – Қасым Қайсенов. Ол – Отан үшін от кешкен, жау тылында жан аямай күрескен партизан-жазушы. ⠀ Қайсар мінезі, батырлығы мен еліне деген шексіз адалдығы – бізге үлгі, ұрпаққа аманат. ⠀ Бүгінгі #адалдықсағаты – батыр рухына тағзым, елге адал болуға үндеу! ⠀ #ҚасымҚайсенов #АдалдықСағаты #Ерлік #ОтанғаАдалдық #ҰлтБатырлары
ЖАРЫЛҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖАДЫНАМА
24
апрель
2025
ЖАРЫЛҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖАДЫНАМА
ЖАРЫЛҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖАДЫНАМА 💣 Күдікті заттың (жарылғыш құрылғының) сыртқы белгілері: 1️⃣ Бейтаныс сөмке, рюкзак, қорап– иесіз, қоғамдық орындарда (дәліз, аула, аялдама, мектеп аумағы) қалдырылған.  2️⃣ Сымдардың шығып тұруы– заттың ішінен немесе қаптамасынан.  3️⃣ Сағат, жарық, дыбыс шығаратын бөлшектердің болуы. 4️⃣ Қатты иіс шығуы– бензин, химиялық зат, күйік иісі.  5️⃣ Кескін-келбеті беймәлім немесе түсініксіз құрылғыға ұқсас болуы. 6️⃣ Қозғалғанда ішінен сыңғыр немесе сықыр
"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ"
21
октябрь
2024
"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ"
Ата-ананың қолдауы баланың бақытты, сенімді және табысты болып өсуі үшін берік негіз болады. Ол баланың ішкі тірегін қалыптастырады. Осының арқасында қиын жағдайларда адам өзін-өзі қолдай алады, таңдау жасай алады, шешім таба алады. Бала қателесуге құқығы бар екенін түсінеді және қандай жағдай болмасын, жақындары оны қолдайтынын біледі. Өзі де алдағы уақытта қолдаушы ата-ана болады, өйткені ол оны көріп өседі және қалай жасау керектігін біледі. Ата-Аналарды Педагогикалық қолдау орталығының
Қыздар жиналысы
19
февраль
2024
Қыздар жиналысы
19.01.2024 жылы “Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі” КММ-де “ҚЖасөспірім қыздың гигиенасы” тақырыбында 9-11 сынып қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп директоры К.Газизова, ТІМ Қ.Жанатқызы, №1 қалалық емхана маманы: гинеколог, психолог Нурманбекова Ж.У., мектеп медбикесі Келемеденова А.А., педагог-психолог Фазымова А.Ж. қатысып, қыздардың жеке бас гигиенасы, қыз баласының ортада өзін ұстауы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар біріңғай тәртіп ережелерімен таныстырылды. Оқушылардың
"Асық ату" республикалық челленджі
17
ноябрь
2023
"Асық ату" республикалық челленджі
17.11.2023 ж. ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-де 1-11 сынып оқушылары, ұстаздары және  ата- аналары ұлттық дәстүрді және ойынды дәріптеу мақсатында 9 айға 9 іс-шара жобасы бойынша Республикалық «Асық ату» челленджіне қатысты.  Челледж барысында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар «БЕС ТАБАН», «БЕС АСЫҚ» ойындарын ойнады.  Асық ойыны баланың жүйке – бұлшықет жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, мінезі мен ептілігін дамытады, көру