«Абайды оқы таңырқа»
«Абайды оқы таңырқа». 9В сынып
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейіңің» биология пәні мұғалімі және 9«В» сыныбының жетекшісі Р.М.Қаблақатованың тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сабағының тақырыбы: «Абайды оқы таңырқа».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды, қара сөздеріне талдау жасады. Сынып сағатына ата-аналарыда белсене қатысып, Абай өлеңдерінен үзінді оқуда эстафетаны қабылдап, өз өнерлерін ортаға салды. Сабақтың қортынды кезеңінде:
Мен қазір бар ойымды ақтарамын,
Абайдың өлеңдерін жаттағаным.
Өзгеге кеудемді керіп тұрып,
Қазақпын деп Абаймен мақтанамын!-деп, ақын Н. Өмірбайдың «Мен қазақпын» әнімен аяқтады.
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын 9В сынып оқушыларының ата-аналары қабылдап алды.
- Алинур папасы- Бажаков Медет
- Жанерке ағасы – Қасымұлы Таңат
- Алишер мамасы – Ташибаева Гульмира Мырзатаевна
- Альтайр мамасы – Жанұзақова Жанбота Наурызбайқызы
- Жанерке бауыры – Ахметов Еламан
- Жанерке апайы –Ахметова Наргиз
"Мен Қазақпын" әнін 9В сынып орындауында


